дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 11:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Криптоактив, қымбат пәтер»: Қаржы пирамидасының өкілі ұшаққа мінгелі жатқанда ұсталды

«Криптоактив, қымбат пәтер»: Қаржы пирамидасының өкілі ұшаққа мінгелі жатқанда ұсталды
Фото: yandex.kz
«LIVEGOOD» қаржылық пирамидасын ұйымдастырудан алынған қылмыстық табысты жылыстату схемасы анықталды

Күдікті Түркияға кеткелі жатқанда қолға түсті,  - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚМА дерегінше, тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталған.

- Пирамида схемасы бинарлы жүйеге негізделген, оған сәйкес қатысушылар жаңа қатысушыларды шақыру санына байланысты әртүрлі деңгейлерде орналастырылған. Осылайша, қаржылық пирамиданың негізгі табысын ББҚ сату емес, жаңа салымшылардың жарналары құраған. Уәдеге сенген 6 мыңнан астам азамат деңгейіне байланысты айына 2 000 АҚШ долларына дейін бонус алуға үміт артып, «LIVEGOOD» компаниясынан ай сайынғы төлемі бар 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған. Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған, оларды заңды жолмен тапқан табысымен үйлестіріп тәркілеуден жасыру мақсатында  өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген,- деп мәлімдеді агенттік.

Сонымен қатар, күдіктінің «Binance» биржасында 0,28 BTC криптоактивтері бар екені анықталған. Бұл 28 мың АҚШ долларына тең.

- Соттың санкциясымен жылжымайтын мүлік пен криптоактивтерге, автокөлікке, сондай-ақ тінту кезінде тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды. 2025 жылдың 7 ақпанында күдікті Астана қаласындағы әуежайда шекараны кесіп өту және Түркияға ұшуға қамдану кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  2025 жылғы 8 ақпанда сот оған екі айға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.  Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар