сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 2024 жылғы көші-қон статистикасы жарияланды

Қазақстанда 2024 жылғы көші-қон статистикасы жарияланды
Фото: gov.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанға 29 948 адам келген, ал елден 12 784 адам кеткен

Бұл кезеңде көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 17,9 пайызға артқан, ал елден кеткендер саны 20,4 пайызға азайған. Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болған. Осы елдерден келгендердің үлесі 81,1 пайызды, ал кеткендердің үлесі 74,9 пайызды құраған.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 47,6 пайызға артқан. Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо еліміздің 4 өңірінде қалыптасты: Астана (7 3238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент (9 361 адам) және Алматы облысы (2 639 адам).

Бұл деректер 2024 жылдың қаңтар-желтоқсандағы демографиялық ахуал туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтер негізінде келтірілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар