сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 14:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар қосылады

Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар қосылады
Pixabay.com
Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Үкімет отырысында туристік дестинациялардың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың тез жету мүмкіндігін арттыру жөніндегі шаралар туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Әуе қатынасы: биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Венаға, Римге және Шанхайға рейстерді қосқанда 15 жаңа халықаралық маршрут ашылады.

Теміржол тасымалы: парк 191 жаңа вагонмен толықтырылады. Жазғы кезеңде 13 қосымша маршрут іске қосылады, бұл 400 мың қосымша орынды қамтамасыз етеді.

Автожолдар: Жаңаөзен – Кендірлі және Өскемен – Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, негізгі көрікті жерлерге апаратын 5 мың шақырым жол жөнделуде.

"Танымал бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, Алакөл көліне Астанадан, Алматыдан және шығыс өңірлерден 8 қосымша пойыз қосу көзделген. Сонымен қатар, біз жол бойындағы сервисті дамытып жатырмыз: 2026 жылы 50 жаңа нысан салу жоспарлануда. Бұл шараларды жүзеге асыру жол жүру уақытын қысқартады және туристер үшін жайлылықты арттырады", — деп атап өтті министр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар