сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 15:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды

Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тұжырымдама Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және бейінді министрліктермен бірлесіп дайындалған әрі балалардың құқықтарын қорғау саласында қабылданатын шаралардың дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

"Ол қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған төрт негізгі бағытты қамтиды. Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор, ал жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңге", — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Тұжырымдама шеңберінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын кеңінен тарату; мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу; балаларды «Адал азамат» рухында тәрбиелеу; зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттерін ашу; психологиялық диагностиканың бірыңғай цифрлық платформасын құру; қадағалауды талап ететін балаларды тәлімгерлермен 100% қамту жоспарлануда. 

Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына ЖИ технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту және т.б. қарастырылған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар