Елімізде
«Өлген адамның үйін жалға берген». Қарттарды азаптаумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2025
- 83
Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған
Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
- Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Өткен жылы санавиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшқан
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2025