дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық статистика бюросы: Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында тұрған жоқ

Ұлттық статистика бюросы: Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында тұрған жоқ
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында тұр деген ақпарат жалған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 4,6 коэффициентпен Мальдивтан кейінгі екінші орында тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.


«Фейк ақпараттың басты дереккөзі - worldpopulationreview.com сайтындағы мақала. 2022 жылдың қорытындысында ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 2,27-ні құрады. 2020 және 2021 жылдармен (тиісінше 2,56 және 2,54) салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады. 2023 жылдың қорытынды деректері сәуір айының соңында жарияланады», - делінген ведомство таратқан ақпаратта. 

Ұлттық статистика бюросы мақала авторына әлемдік ресурста қате деректің таралғаны туралы хат жіберген. Сонымен қатар бюро ресми дереккөздерге сүйенуді, таратылған деректерді қайтадан тексеріп алуды өтінеді. 


Бұған дейін ranking.kz сайтына сілтеме жасап, ажырасу жиілігі бойынша Қазақстан Мальдив аралдарынан кейінгі орында тұрғанын жазған едік.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар