Елімізде
Ұлытау облысы Мәдениет басқармасының басшысы сотталды
- авторДиана Орынбасар
- 13 наурыз, 2024
- 562
Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Аталған лауазымды тұлға облыс аумағындағы ежелгі қорымдарға археологиялық қазба жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.
Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
“Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады”- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024