Елімізде
Мұнайлы өңірдегі апат: газ қоспасы ұңғымадан тоқтаусыз атқылап жатыр
- авторБақытжан Бекболат
- 6 маусым, 2025
- 164

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді
Бейнеу ауданындағы Толқын кен орнындағы №57 ұңғымада газды-сулы қоспаның атқылауы тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өрт шыққан жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, ұңғыманың қабырғасына орнатылған құбыр арқылы газды-сулы қоспа сыртқа шығып жатыр. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жағдай толық бақылауда.
Оқиға орнына ТЖД-ның 32 қызметкері жұмылдырылып, дрон арқылы бақылау жүргізілуде. Сонымен қатар, "Ақберен", "Оңтүстік мұнай сервис", Nobilis corp және Varro Operating Group компанияларының мамандары да апат орнына тартылған.