Жаңалықтар
Алматы облысында түнде болған жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
- авторБақытжан Бекболат
- 6 маусым, 2025
- 190

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматы – Өскемен тас жолының 47-шақырымында 5 маусым күні кешкі сағат 22:50-де үш көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан дәл сондай маркалы көлікке соқтығысқан. Соққыдан кейін екі көлік те басқарудан шығып, жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейіннен Toyota Land Cruiser көлігіне барып тірелген.
"Апат салдарынан бірнеше адам, соның ішінде жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен екі кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақат алған. Дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін барлығы үйлеріне жіберілген.Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр", — делінген полиция департаментінің хабарламасында.