сейсенбі, 24 маусым, 2025 21:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 миллионы қайта үлестірілді

Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 миллионы қайта үлестірілді
Pixabay.com
5 маусым күні Үкімет үйінде Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті ұсынған дерекке сәйкес, 2022–2024 жылдары мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінген.

Оның ішінде 2 млн гектар жайылым жер елді мекендер маңында орналасқан, олар жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді.

Қалған 3,9 млн гектар ауыл шаруашылығы жері арнайы конкурс арқылы шаруаларға үлестірілді.

Сондай-ақ, соңғы үш жылда жергілікті инспекциялардың араласуымен 3,8 млн гектар бұрын игерілмей жатқан алқапты бұрынғы иелері қайта қолға алған.

Ал алдағы 2025 жылы мемлекет меншігіне қайтарылуы жоспарланған 2 млн гектар жердің бүгінде 979,1 мың гектары ел игілігіне қайтарылды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар