жұма, 27 маусым, 2025 2:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Онлайн құрбан шалуға шариғат рұқсат ете ме

Онлайн құрбан шалуға шариғат рұқсат ете ме
Фото: Jambylinfo.kz
Бүгін мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт басталды. Үш күнге созылатын бұл мерекеде айт намазы оқылып, құрбандық шалыну, қайырымдылық жасау және дастарқан жайып, қуаныш бөлісу – басты дәстүрлердің бірі болып саналады.

Құрбан айт қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатын өткізіп, биылғы мерекенің ресми түрде 6 маусымда басталатынын жариялады. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін құрбандықты онлайн түрде шалуға мүмкіндік жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Діни басқарма халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Дінімізде құрбандық шалу рәсімін басқа біреуге тапсырып, оны өкіл ете алады. Егер өзі бара алмаса, бір кісіге өтініш жасап, құрбан шалуға рұқсат етілген. Демек, онлайн форматта құрбан шалуға тапсырыс бере аласыздар, — деді Бас мүфти.

Онлайн құрбан шалуға ниетті азаматтар сайтқа кіріп, мал түрін таңдай алады. Төлем Kaspi QR арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс расталғаннан кейін, пайдаланушыға SMS хабарлама келеді. Құрбан шалынған сәттің фото және видео есебі да тапсырыс берушіге жолданады. Ал құрбандық еті көмекке мұқтаж жандарға үлестіріледі.

Алайда Діни басқарма тұрғындарды мұқият болуға шақырып отыр. Себебі мереке кезінде кейбір алаяқтар жалған сайттар арқылы азаматтарды алдап, қаражатты өз пайдасына пайдалануы мүмкін.

– Құрбан айт мерекесі кезінде өздерінің теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір белгісіз азаматтар мен ұйымдар жалған құрбандық сайттарын ашып, халықты адастырып, құрбандыққа аударған қаражаттарын өзге мақсатқа пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан баршаңызды абай болуға шақырамыз, – деп ескертті ҚМДБ өкілдері.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар