жұма, 27 маусым, 2025 7:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді

Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Табиғатты қорғау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасынан Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жыл сайын жүргізілетін санитарлық және табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер Есіл өзенінің аңғарындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар бұл су ағызулар өзен арнасын тазартуға да көмектеседі.

«Бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер – экологияны сақтауға, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң әсер етеді», – деді Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар