жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжілісмен Нартай Аралбайұлы жаңа лауазымға ие болды

Мәжілісмен Нартай Аралбайұлы жаңа лауазымға ие болды
Фото - ашық дереккөз
2023 жылдан бері федерацияны Айдос Зиядуұлы Мұқатаев басқарған еді

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай дәстүрлі садақ ату бойынша Республикалық федерацияның президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2023 жылдан бері федерацияны басқарған Айдос Зиядуұлы Мұқатаев қызметінен кеткен соң, 28 тамыз 2025 жылдан бастап бұл қызметке Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев тағайындалды.

«Сіздің бұл құрметті қызметке келуіңіз еліміздегі спортты жүйелі дамытуға және оны халықаралық стандарттарға сәйкес ілгерілетуге жаңа серпін береді деп сенеміз» деп хабарлады федерация.

Нартай Аралбайұлы 1991 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Елдегі бірнеше телеарналарда қызмет атқарған. 2023 жылдан бері мәжіліс депутаты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар