«Маған ақыл айтпаңыздар»: Мақпал Исабекова жеке өміріне араласатындарға ызасы келді
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 5 шілде, 2024
- 457
Жеке шекарасынан өтіп, әр ісіне араласа беретін оқырмандарына шыдамы таусылып, ызаланған әнші жеке өміріне бас сұқпауын ескертті.
«Менің жеке шекарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таң қаламын. Мені, менің жеке өмірімді, отбасымды талқылауға жол бермеймін. Мұндай жағдайда мен дөрекілік пен қатыгездік танытамын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалған жөн», - деп жазды мақпал Исабекова.
Әншінің мұндай ескертуінен кейін оқырмандардың пікірі де екіге жарылды. Бір жартысы әншіге көкірек кермеуіне, қарапайым болуына, жұлдызданып кетпеуіне кеңес берсе, енді жартысы әншінің пікіріне қосылатынын айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024