сейсенбі, 16 шілде, 2024 20:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында маңызды үндеу жасады

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында маңызды үндеу жасады
Сурет: Мүтфият
Ол кәсіпкерлерді мал басын қымбаттатпауға шақырады

Құрбан айт қарсаңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Бас мүфти азаматтарды мал бағасын қолдан қымбаттатпай, қасиетті мереке кезінде оңтайлы баға ұстап тұру туралы өтініш айтқан.

«Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, үлкендердің алғысы мен батасын алып, өсіп-өнген елміз. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген.
Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халқымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт, 16 маусым күні басталады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар