Қоғам
Facebook-тегі жазбаларын өшіру үшін мектеп директорынан 100 мың теңге талап еткен блогерлер ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 13 маусым, 2024
- 678
Оқиға Түркістан облысында болған
Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды», - деп хабарлады прокуратура.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында маңызды үндеу жасады
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024