Елімізде
«Темекі үшін жан пида»: Астанадағы түнгі клубта адам пышақтаған қаскөй сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 маусым, 2024
- 521
Азаматтар арасындағы текетірес шылым сұраудан шыққан
Елордадағы түнгі клубта жазықсыз адамды пышақтаған қаскөй 9 жылға сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бас прокуратура мәлімдегендей, түнгі клубта болған ерегіс шылым сұраудан шыққан. Мас күйдегі қылмыскер темекі беруден бастартқан бойда пышақ шығарып, ішкі органдарына айтарлықтай зақым келтірген. Абырой болғанда дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалған.
"Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді",- деп жазылған ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Шырша құрған мұғалім 5 метр биіктіктен құлап, ауыр халде жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024