«Мал жейді». Қазақстандықтар тренд қылған жүзім туралы шындық айтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қараша, 2024
- 564
Қазақстандықтар тренд қылған жүзім туралы шындық айтылды. Әлеуметтік желі қолданушысы Shine Muscat жүзімін Қытайда мал жейді деп, алдамшы жарнаманың арбауына түспеуге шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Желіде трендке айналған Дубай шоколадының орнына Shine Muscat жүзімі келді. Қазір желіде блогерлер жемісті жеу арқылы контент жасап, жоғары қаралым жинап жатыр. Бұл қоғамның қызығушылығын тудырып, жүзімге деген сұранысты арттырды.
Қазір бұл жеміс нарықта 5 000-10 000 теңге аралығында саудаланып жатыр. Тұтынушылар да аз емес. Бірақ, бәрі бірдей разы емес. Әлеуметтік желі қолданушыларының бұл жеміске деген пікірі әртүрлі. Бірі дәмінің ерекше екендігін айтса, кейбірі жарнамасына алданғанын жасырмады.
Шынында бұл қандай жеміс? Осы сұраққа әлеуметтік желі қолданушысы жауап берді.
Бізге келіп жатқан Shine Muscat жүзімін Қытайда мал жейді екен. Ал, бізде оны барынша қымбаттатып, хит қылып сатып жатыр. Қазақтар, көздеріңді ашыңдар, бұл адам жейтін зат емес. Химикаты көп,- дейді ол.
Сонымен қатар, ол жүзімнің малға беріліп жатқан бейнежазбасын да қосып, көрерменнің көзін шындыққа жеткізуге тырысқан.
Бұл қандай жүзім ?
Бұл Жапонияда өсірілген жасанды мускат сұрыбы. Оны сондай-ақ "манго жүзімі" деп те атайды. Ол 2003 жылы сынақтан өткен, содан кейін сатылымға шыққан.
Shine Muscat - өте үлкен, ашық жасыл түсті және тұқымы жоқ жүзім. Ол сәл қытырлақ құрылымымен және тәтті дәмімен ерекшеленеді. Әдетте, оны мерекеге немесе сыйлық ретінде сатып алады, өйткені күнделікті тұтыну үшін ол барлық адамға бірдей қолжетімді емес. Кішкентай бір шоқ жүзімнің салмағы шамамен 400-500г, ал әр жидектің салмағы 10-12 г-ға жетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Шырша құрған мұғалім 5 метр биіктіктен құлап, ауыр халде жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024