бейсенбі, 19 маусым, 2025 9:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мамыр айының соңғы күндерінде ауа райы қандай болады

Мамыр айының соңғы күндерінде ауа райы қандай болады
Pixabay.com
2025 жылдың 25–31 мамыр аралығында еліміздің әр өңірінде ауа райы әртүрлі болады. Кейбір аймақтарда аптап ыстық күтілсе, енді бір өңірлерде жауын-шашын мен салқын күндер сақталады.

Синоптиктер мамыр айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз

Таразда 25-31 мамыр аралығында күн ашық және жылы болады. Ауа температурасы +24 пен +29°C аралығында. 25–26 мамырда күн бұлтты болуы мүмкін, бірақ жауын-шашын күтілмейді.

Астана

Астанада ауа райы құбылмалы. 25–27 мамыр күндері жаңбыр жаууы мүмкін, жел екпінді соғады. Ауа температурасы +14...+18°C аралығында. 28 мамырдан бастап күн жылынып, ашық ауа райы орнайды. 

Алматы

Алматыда 25–27 мамыр аралығында жаңбырлы күндер күтіледі, кей сәттерде найзағай ойнауы мүмкін. 28 мамырдан кейін ауа райы айтарлықтай жақсарып, күн ашылады.

Шымкент

Шымкентте күн ашық, аптап ыстық болады. 25–31 мамыр аралығында жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы біртіндеп +28°C-тан +33°C-қа дейін көтеріледі. 

Түркістан 

Түркістанда мамырдың соңғы аптасында ыстық күшейе түседі. Ауа температурасы аптаның соңына қарай +36°C-қа дейін жетеді. Жауын-шашын жоқ, күн ашық әрі ыстық. Ыстық күндер әсіресе 29–31 мамыр аралығында күтіледі.

Қарағанды

Қарағандыда 25–27 мамыр аралығында күн бұлтты және жаңбырлы күндер болады. Ауа температурасы +13...+17°C деңгейінде сақталады. 28 мамырдан бастап күн ашыла бастайды, 31 мамырда температура +23°C-қа дейін көтеріледі.

Қостанай

Қостанайда да аптаның басында ауа райы салқын әрі жауын-шашынды. 25 мамырда ауа температурасы +11°C шамасында болса, айдың соңында +21...+23°C-қа дейін жылынады. Жаңбыр 25–27 мамыр күндері күтіледі.

Павлодар

Павлодарда 25 мамыр күні күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. 26–28 мамыр аралығында күн ашылып, ауа температурасы +18...+22°C болады. 

Семей

Семейде 25–27 мамыр күндері ауа райы салқын әрі бұлтты болады. 27 мамырда түнгі уақытта температура +6...+8°C-қа дейін төмендейді. Бірақ 28 мамырдан кейін күн ашылып, 31 мамырда +23°C-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр сирек жауады.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар