Meta қазақстандық программисттерге жасанды интеллектіні меңгеруге көмектеседі
- авторБақытжан Бекболат
- 29 мамыр, 2025
- 176

Астанада өтіп жатқан форум аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Meta компаниясы және Blockchain and AI Technology Center зерттеу институты жасанды интеллект саласын дамыту және оны мемлекеттік сектор мен бизнестегі өзекті мәселелерді шешуге енгізу мақсатында бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Meta компаниясы әзірлеушілер, бағдарламашылар мен стартаптар үшін арнайы акселерациялық бағдарлама ұсынады. Бұл бағдарлама оларға жасанды интеллект өнімдерін құрастыруды үйретіп, кейін оны жаһандық деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушыларға жоғары деңгейдегі есептеу қуаттары – суперкомпьютер мен өзге де ресурстар қолжетімді болады. Себебі жасанды интеллект өнімін әзірлеу үшін үлкен техникалық мүмкіндік қажет, – деді министр Жаслан Мәдиев форум аясында журналистерге берген сұхбатында.
Бағдарламаға қазақстандықтар байқау негізінде қатыса алады. Қатысқысы келетіндер өтінім тапсырып, тегін оқуға мүмкіндік алады.
Бағдарламаның нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Алайда министрдің айтуынша, үздік қатысушылар 2–4 қазан аралығында өтетін Digital Bridge форумында анықталады.
Қазақстанда CryptoCity аймағы қай қалада ашылуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Әскери бөлімдерде бейнебақылау орнатылады – Бас Прокурор
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025