сәрсенбі, 11 маусым, 2025 13:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Freedom Bankтен жиі шығатын ақаулар туралы Турлов: Қателікті мойындап, түзете алатын банкіміз

Freedom Bankтен жиі шығатын ақаулар туралы Турлов: Қателікті мойындап, түзете алатын банкіміз
Фото: Телеграм канал/ Тимур Турлов
Freedom Bank жүйесінде жиі кездесетін техникалық ақаулар жөнінде Freedom Holding-нің бас директоры Тимур Турлов өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, банк өзінің онлайн-платформасын небәрі алты ай бұрын іске қосқанымен, бүгінде Қазақстан халқының 10%-дан астамы олардың картасын қолданады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

– Осы уақыт ішінде команда көптеген күрделі сынақтан өтті. Біз жауапкершілікті сезінеміз. Қазірдің өзінде еліміздегі ең жоғары жүктемеге төтеп беретін әрі тұрақты процессинг жүйесін құрдық. Әрине, жұмыс істеуіміз керек тұстар әлі де бар. Қателіктерімізді білеміз, оларды түзетеміз, және ең бастысы – кешірім сұрай білеміз… Қазір біздегі көлемде транзакция жүргізіп жатқан екінші банк жоқ сияқты. Бұл – басқа банктер бетпе-бет келіп көрмеген деңгейдегі сынақтар. Егер сен үлкен әрі күрделі дүние құрып жатсаң, мұндай мәселелерге тап болу қалыпты нәрсе, – деді Турлов Астана халықаралық форумында.

Ол сондай-ақ банктің мобильді қосымшасы – түрлі виртуалды серверлерге бөлінген, жоғары жүктемелі күрделі жүйе екенін атап өтті. Алайда пайда болған ақаулар жедел түрде шешілетінін айтты.

– Бұл жүйемен жүздеген маман айналысады. Олар – Қазақстандағы ең үздік инженерлер деп нық сеніммен айта аламын. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешеміз. Тағы да айта кетейін, жыл басынан бері жүйенің қолжетімділік деңгейі 99%-дан жоғары болды, – деді ол.

Freedom Bank-тің жұмысындағы ақауларға байланысты әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жиі шағымдануда. Олар қосымшаның баяу жүктелуі, кэшбэктің жоғалып кетуі және басқа да техникалық мәселелерді атап өтуде.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар