дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министрлік кен орнында алты айға созылған өрттен ауаға ірі көлемде метан тарағанын жоққа шығарды

Министрлік кен орнында алты айға созылған өрттен ауаға ірі көлемде метан тарағанын жоққа шығарды
Сурет Лада.кз сайтынан алынды
Оңтүстік Қаратұрын кен орны қарайтын компанияға 500 млн теңге айыппұл салынды

Шетелдік БАҚ Маңғыстау облысында кен орнында жарты жылға созылған өрттен ауаға ірі көлемде метан газы тарағаны туралы ақпарат жариялаған еді. Алайда экология министрлігі мұны жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, апат шынымен болған, бірақ метан ауаға таза күйінде тараған жоқ. Себебі қауіпсіздік техникасы бойынша оны алдымен өртейді. 


"Атмосфераға таза метан тараған жоқ. Себебі метан – өте улы газ. Бүкіл әлемде апатты жағдай кезінде оны жағып жібереді. Қазір кейбір БАҚ ауаға ірі көлемде таза метан тарады деп жазып жатыр, бірақ іс жүзінде мұндай болмаған. Апат басталған сәттен ілеспе мұнай газы өртелген. Бұл бүкіл әлемде қауіпсіздік техникасы бойынша қарастырылған", - деді Әлиев үкіметте өткен брифингте. 


Вице-министр жоспардан тыс тексеріс аяқталғанын және кен орнына иелік ететін компанияға 500 млн теңге айыппұл салынғанын атап өтті. 
Естеріңізге сала кетейік, былтыр маусым айында Маңғыстау облысында Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы ұңғымадан өрт шықты. Өрт араға жарты жыл салып, 25 желтоқсанда ғана сөндірілді. 


Шетелдік ВВС басылымы жүргізген зерттеуге сәйкес, елдің батысында алты ай бойы үздіксіз жанған кен орнынан ауаға 127 мың тонна газ бөлінген. Айта кетері, Оңтүстік Қаратұрын кен орны "Бозашы Мұнай" ЖШС компаниясының иелігінде.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар