жексенбі, 5 сәуір, 2026 21:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өмір үшін күрес: полицейлер инсульт алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді

Өмір үшін күрес: полицейлер инсульт алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді
Polisia.kz
Тәртіп сақшылары науқасты дереу қалаға дейін ертіп бару туралы шешім қабылдаған.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол үстінде денсаулығы күрт нашарлап, инсульт белгілері байқалған ер адамға жедел көмек көрсеттi, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен – Риддер тасжолының 90-шақырымында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция батальонының экипажы — полиция аға лейтенанттары Азамат Олегұлы мен Шаяхметов Әлішер жол жиегіне тоқтаған автокөлікті байқаған. 

Көлік жүргізушісі салонда 38 жастағы азаматтың жағдайы нашарлағанын айтып, полицейлерден көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары науқасты дереу қалаға дейін ертіп бару туралы шешім қабылдаған. Алайда жол жүру барысында науқас отырған көлік бұзылып, істен шығып қалған.

Полицейлер бұл туралы ақпаратты дереу жақын маңдағы келесі нарядқа — құрамында полиция аға лейтенанттары Асылбек Базылбеков пен Әлішер Ачилов бар ПА-466 экипажына хабарлады.

Оқиға орнына жеткен екінші экипаж науқасты қызметтік автокөлікке отырғызып, барынша жылдам әрі қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ете отырып, медициналық мекемеге жеткізді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар