дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Митингке шықпаңыздар». Бұзақылардың қолынан аса қатыгездікпен өлтірілген Шерзаттың әкесі үндеу жасады

«Митингке шықпаңыздар». Бұзақылардың қолынан аса қатыгездікпен өлтірілген Шерзаттың әкесі үндеу жасады
фото - ашық дереккөзден
Ол отандастарға өтінішін айтты

Талғарда бір топ бұзақы тепкілеп өлтірген  Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың мәлімдеме жасаған бейнежазбасы тарады , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сөзін алғыс айтудан бастаған Қаржаубай Нұрымов халықты митингке шықпауға, арандатуға ермеуге шақырды. 

«Өтінішім бар, халқым. Ешқандай митингіге шықпаңыздар, қантөгіс болмаса екен. Бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасай ма деймін. Сол себепті халқым өтініп сұраймы: еш көтеріліс керек емес. Өз қағидам – заң аясында дұрыс әрі әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын. Шыны керек, қандай да бір ақпараттар болып жатса, өзім ғана бөлісемін. Видеожазбаға, аудиожазба, фотоларға сенбеңіздер. Ақылы түрде адвокат жалдауға тура келеді. Өзім үшін қорықпаймын. Кім келсе де, қандай жағдай болсын сөйлесе алам, өз басыма жауап бере алам. Ал отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады», - дейді марқұмның әкесі.

Қаржаубай Нұрымов сонымен бірге өзін бір емес, бірнеше рет қорқытқанын ашық айтты. Сөзінше, біреулер «заңгерміз» деп шақырып алып, қоқан-лоқы көрсеткен.

«Халқымнан сұраймын – қан төгілмесін. Ашық сот болуын талап етем. Ашық сот болса, оң шешім болады. Арандатуға түспеңіздерші. Аналар жыламасын, балалардың қаны төгілмесін. Бауырларым, арандап, алданып қалмайықшы. Жоғарыдағы ағалар да заң аясында қолға алып, қолға алып жатыр. Ертең Астанадана, ІІМ-нен адам келеді. Енді мен басқа балалардың болашағы жақсы болсын деп тілеймін», - дейді ол.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар