Нұрболат Абдуллин ақын Ершат Қайболдинді неге жылатты
- авторМағжан Орынбасар
- 14 маусым, 2024
- 1.6k
Эстрада жұлдыздарының орындауындағы «Сен қорқақсың», «Еркекпін мен», «Ұлыма ақыл» атты хит әндердің сөзін жазған ақтөбелік ақын кейбір әншілердің еңбегін жегенін айтып, жылап қалды, деп жазады jambylinfo.kz.
«Уақыт көрсетеді» ютуб-каналына берген сұқбатында танымал ақын Ершат Қайболдин шығармашылығы мен өмірі жайында айтты. Эстрада жұлдыздарының басым бөлігіне талай хит әндер жазып берген ақын қазір ақысына әжетхана қазып беруге дайын. Өйткені, тұрақты жұмысы жоқ. Қара жұмыс істеп күнелтіп жүр. Ершат Қайболдин ешбір әншіге шығармасын саудаламағанын айтады. Бірақ, ақынның мәрттігін кейбір әншілер пайдаланатын көрінеді. Мысалы, «ең көп алған гонорарыңыз» деген сұраққа ол «20 мың теңге алдым» деп жауап беріп, өксік қысқан ақын жылап қалды.
«Мен «Сен қорқақсың» деген әннің сөзін жазғаным үшін 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. Бұны тойларға шығып, табыс тапқан соң берді. Өзі «хит болса еңбекақыңды беремін, еңбегіңді жемеймін» деген. Хит болғаннан кейін өзі хабарласып берген ақшасы. Жыладым. Ішімде бәрі толып қалды»,- деді Ершат Қайболдин.