Жамбыл облысында «Жігер» ілкі жобасы басталады: оның мақсаты қандай
- авторjambylinfo.kz
- 14 маусым, 2024
- 451
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің тапсырмасы бойынша Таразда “Жігер" жобасы таныстырылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, «Жігер» жобасы «Intellect7G эксперттер және кеңесшілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен және Жамбыл облысы Полиция департаментімен бірлесіп әзірленген.
«Жоба отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Кездесуге қатысушылар жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын жедел кесуге және әлеуетті жәбірленушілер үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, оларға қажетті медициналық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін көрсетуге ықпал ететініне сенім білдірді», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, шара барысында уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
ПД бастығы пилоттық жобаны талқылау кезінде атап өткендей, 2024 жылдың сәуір айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға қол қойды. Түзетулер әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты. Осы түзетулердің негізінде Полиция департаментімен тығыз ынтымақтастықта "Жігер" жобасы әзірленді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін барлық құқықтық мүмкіндіктерді пайдаланбақ.
Талқылау қорытындысы бойынша Жамбыл облысының аумағында пилоттық режимде "Жігер" жобасын іске қосу туралы шешім қабылданды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Таразда АЭС салу туралы жария талқылау өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024