жұма, 28 маусым, 2024 15:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Назарбаев мектебінің 12 сыныбында оқитын қызды пышақтап кетті

Назарбаев мектебінің 12 сыныбында оқитын қызды пышақтап кетті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ол қатты жараланып ауруханаға түсті

Астанада 18 жастағы қызды пышақтап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Қыздың өміріне қауіп төндірген адам әлі кәмелет жасына толмағаны анықталып отыр.

«Қазір күдікті ретінде кәмелет жасына толмаған бала ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Зардап шеккен қыз Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сыныбында оқитын оқушы екені анықталды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір науқастың жағдайы ауыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар