Салтанат Нүкенованы алаяқ, ішімдік ішеді деп айыптаған блогер сотпен жазаланды
- авторjambylinfo.kz
- 26 мамыр, 2024
- 795
Өз әлеуметтік желісінде марқұм Салтанат Нүкенованы алаяқ деп айыптаған блогер Антон Бударовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде Айтбек Амангелдінің адвокаты Дамир Ишмамбетов хабарлады. Адвокаттың айтуынша, Антон Бударов 2023 жылдың 14 желтоқсаны күні Instaqram әлеуметтік желісіндегі «budarov_anton» парақшасында Салтанат Нүкенова туралы жалған ақпарат жариялаған.
«Мен Бишімбаевтың әйелі Салтанат тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны деп ойламаймын. Ол кәдімгі абьюзер, Бишімбаевпен бірге арақ ішіп, төбелес шығарған. Астрология курсын сатқан алаяқ»,- деп жазған болатын блогер.
Осыған байланысты зардап шегуші тарап, яғни, Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді блогердің үстінен арыз жазған. 2024 жылдың 20 мамыры күні Алматы қаласы Бостандық ауданының соты блогерге қатысты үкім шығарған.
«Сот Салтанат Нүкенованың ар-ожданына нұсқан келтірген жазбаны жалған деп тауып, Антон Бударовты бұл жалған ақпаратын жоққа шығаруға міндеттеді. Блогер Антон Бударовтан Айтбек Амангелдінің пайдасына сотқа кеткен 650 мың шығын өндірілсін» деп жазылған сот үкімінде.
Бұл ақпаратты хабарлап отырған Дамир Ишмамбетовтің айтуынша, Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін марқұмның ар-намысын қаралайтын жазбалар көп кездескен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024