сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 19:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оралда қонақ үйдің үшінші қабатынан секірмек болған қыз құтқарылды

Оралда қонақ үйдің үшінші қабатынан секірмек болған қыз құтқарылды
Көрнекі фото - ашық дереккөз
Оған қажетті көмек көрсетілген

Оралда қонақ үйдің үшінші қабатынан секірмек болған қыз құтқарылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тұрғынның неге суицид жасамақ болғаны жөнінде дерек жоқ. Құтқарылған аруды полиция туыстарына тапсырған.

- Полицияға қаладағы қонақүйлердің бірінен шұғыл қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу Тұрарбек Какимоллаев, Ержан Қонысбаев және Замир Иржигитов келді.  Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары терезе жақтауында секіруге оқталған қызды тапты. Полиция қызметкерлері қызды қауіпсіз жерге шығарып, қонақүйдің ішіне кіргізді. Құтқарылған қызға қажетті көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырылды,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар