дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанайда бес қашықтық бойынша бәйге өтті

Қостанайда бес қашықтық бойынша бәйге өтті
Сурет: Ұлттық спорт қауымдастығы
Бәйгенің  жалпы жүлде қоры – 19 000 000 теңге

Қостанай облысының Заречное ауылында Қостанай тұқымы жылқылары арасында Республикалық ат жарысы аяқталды. Сайыс 5 қашықтық бойынша өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz Ұлттық спорт қауымдастығына сілтеме жасай отырып.

Сонымен, Ұшқыр бәйге, 1200 метр, қашықтықта, "Билетер" жүлдесі бойынша, Тактика тұлпары бірінші орын иеленді. Шабандоз – Мария Кариева, бапкері – Берік Әміров, ат иесі – "Қазақ тұлпары" Қостанай жылқы зауыты (Қостанай облысы), уақыты 1:24.

Ұшқыр бәйге, 2000 метр қашықтықта, "Нарта" жүлдесі бойынша Самғау атты сәйгүлік үздік атанды. Шабандоз – Сабыржан Байқұрман, бапкері – Алмас Құлтасов, ат иесі – Қабдылқалым Құлтасов (Ақмола облысы), уақыты 2:25.

Ұшқыр бәйге, 2400 метр қашықтықта, "Элита" жүлдесі бойынша, Барбара атты жүйрік қарсыластарынан басым түсті. Шабандоз – Сабыржан Байқұрман, бапкері  – Алмас Құлтасов, ат иесі – Нұриден Садбеков, уақыты 2:54.

Құнан бәйге 7000 метр қашықтықта, "Форт" жүлдесі бойынша  Сарма атты сәйгүлік мәре сызығын бірінші боп кесті. Шабандоз –  Темирлан Застежко, бапкері – Виталий Пугачев, ат иесі – Данияр Елемесов (Қостанай облысы), уақыты 10.04.

Аламан бәйге 20 000 метр қашықтықта, "Қостанай облысының" кубогі бойынша, Либирия атты тұлпар бірінші келді. Шабандоз – Самир Ильясов, бапкері – Искандер Кужанов, ат иесі – Владимир Водопьянов (Қостанай облысы), уақыты 36.03.27.

Ат жарысты Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club және республикалық Бәйге федерациясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. Бас серіктес – "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктестер – ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Sport Qory спортты қолдау қоры.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар