Елімізде
Қостанайда жасырын түрде есірткі дайындаған 2 азамат ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Олар сот санкциясымен қамауға алынды
ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,- делінген ресми хабарламада.
Келесі мақала
Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын қызметінен босатты
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Еліміз бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы қандай
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2026






