бейсенбі, 10 сәуір, 2025 20:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодар облысында квазимемлекеттік компанияның шотында бюджет қаражаты үш жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай тұрған

Павлодар облысында квазимемлекеттік компанияның шотында бюджет қаражаты үш жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай тұрған
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мәлімдеді

Павлодар облысында квазимемлекеттік компанияның шотында бюджет қаражаты үш жылдан астам уақыт бойы «бос тұрған» болып шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит нәтижесінде, өңірдегі бір квазимемлекеттік ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотында 2,1 млрд теңгеден астам қаражат пайдаланылмай жатқаны анықталды. Бұл мәселе бойынша Павлодар облысы әкімдігіне қаражатты тиімді пайдалану үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

18 наурыздағы жағдай бойынша, бұрын жасалған шарт аясында «Қазақтелеком» АҚ пайдасына 2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды. Қазіргі уақытта қосымша 114 млн теңгеден астам қалдықты пайдалануға беру туралы шешім қабылданып жатыр. Мемлекеттік аудит қорытындылары мен тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның тұрақты бақылауында болады.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар