сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 14:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарлық киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Павлодарлық киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Павлодар қаласында зейнеткерге қатысты телефон арқылы жасалған алаяқтық әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Белгісіз тұлғалар зейнеткерге қоңырау шалып, өздерін домофон қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, құрылғыны ауыстыру жоспарланып отырғанын, тіркеу үшін СМС-кодты айту керегін түсіндірді. Қоңырау шалушының сөзіне сенген әйел алынған кодты хабарлаған.

Біраз уақыттан кейін оған қайтадан белгісіз адамдар хабарласып, СМС-кодты бергеннен соң оның деректеріне рұқсатсыз кіру жүзеге асырылғанын айтқан. Кейін алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыскерлерді ұстау үшін шоттарындағы ақшаны шұғыл түрде шешіп алып, әрі қарай нұсқауларды күту қажет екенін түсіндірген.

– Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел қаланың екі екінші деңгейлі банк бөлімшесіне барып, қаражат шешу және несие рәсімдеу әрекетін жасаған. Екінші банкке жүгінген кезде қызметкерлер алаяқтық белгілерін байқап, дереу полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың жолы кесіліп, зейнеткер 5 млн теңгеден айырылып қалмады, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжанов.

Зейнеткер полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, қаражатын сақтап қалуға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Полиция азаматтарға мұқият болуды ескертеді: мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ешқашан СМС-кодтарды хабарлауды, шоттардағы қаражатты шешіп алуды немесе үшінші тұлғаларға аударуды сұрамайды. Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажет.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар