Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке тікелей рейс ашылады
- авторБақытжан Бекболат
- 13 маусым, 2025
- 197

Әңгіме барысында әуежайдың даму бағыттары, инфрақұрылымын жетілдіру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Кездесуде жарияланған маңызды жаңалықтардың бірі — әуежайда түнгі рейстерге рұқсаттың берілуі. Бұл енді тәуліктің кез келген уақытында әуе кемелерін қабылдауға жол ашып отыр. Сондай-ақ, жаңадан салынған жанармай құю стансасының іске қосылуы әуежайдың логистикалық мүмкіндіктерін арттырып, ірі көлемдегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік берді.
Шарм-эль-Шейх бағыты алғашқы қадам ғана. Алдағы уақытта басқа да халықаралық бағыттар ашылмақ. Бұл өзгерістер әуежайдың өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, солтүстікқазақстандықтарға жаңа туристік бағыттар ашып, сапалы әрі қолжетімді әуе қызметін ұсынуға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстан темір жолы" компаниясына жаңа басшы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025