бейсенбі, 19 маусым, 2025 9:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Алматының жаңа әкіміне қандай міндеттер жүктеді

Президент Алматының жаңа әкіміне қандай міндеттер жүктеді
Үкіметтің баспасөз қызметі
Алматының жаңа әкімі тағайындалғанда Мемлекет басшысы қандай тапсырмалар жүктегені туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы қаласының активімен кездесуде Мемлекет басшысы әкімдікке бірқатар маңызды міндеттер қойғанын айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, қалада әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастыру және қоғамдық кеңістіктерді көбейту секілді бағыттар қамтылған. Сондай-ақ жол-көлік жүйесін дамыту, экология, өңдеуші өнеркәсіп, туризм, IT-сектор мен креативті индустрияны қолдау бойынша тапсырмалар берілген.

Үкімет басшысы Президент атынан бұрынғы қала әкімі Ерболат Досаевқа атқарған еңбегі үшін алғыс айтты. 2024 жылы Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 21,8%-ға жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен мегаполисте бюджетті децентрализациялау, абаттандыру және жаңа әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, бүгін, 24 мамыр күні, Президент Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатып, оның орнына Дархан Сатыбалдыны тағайындады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар