Жаңалықтар
Астанаға арналған алғашқы LRT вагондары Қытайдан жөнелтілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 24 мамыр, 2025
- 330

Астанаға алғашқы екі құрамды жеткізу маусым айына жоспарланған
Астанаға арналған алғашқы LRT вагондары Қытайдан жөнелтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қытайдың Таншань қаласынан Астана қаласына арналған жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің алғашқы екі вагоны жолға шықты.
«Астанаға алғашқы екі құрамды жеткізу маусым айына жоспарланған. Қалған 17 құрам осы жыл соңына дейін жеткізіледі. Желіні сынақтан өткізуді бастау қыркүйек айына жоспарланып отыр. Қазір Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жол төсеу, станциялар қасбетін монтаждау, эстакаданың тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада асты аймағын абаттандыру және депо құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлайды «City Transportation Systems».