Ақордадағы ауыс-түйіс: Кімдер жаңа лауазымға ие болды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 ақпан, 2025
- 773
Президент кеңесшісі болып Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.
Ал, бұған дейін осы қызметті Болат Ақшолақов атқарған еді.
- Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды,- деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бүгінен бастап Рустам Баялиев Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
- Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміз бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы қандай
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2026






