Президент медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 шілде, 2025
- 650
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш қолдану, шабуыл жасау және қатыгездік таныту фактілеріне байланысты жазаны қатаңдату жөніндегі бастаманы қолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысты қолдап, Үкіметке заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңінен талқыланатын болады.
«Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады», - делінген хабарламада.






