жексенбі, 13 сәуір, 2025 14:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент тапсырмасы бойынша геологтерге мемлекеттік наградалар берілді

Президент тапсырмасы бойынша геологтерге мемлекеттік наградалар берілді
Үкімет
Биыл Геолог күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атап өтіледі

Кәсіби мереке – Геолог күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградаларды табыс етті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Биыл Геолог күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атап өтіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалау мақсатында «Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» жаңа құрметті атағы берілді.
 Премьер-министр ел экономикасы құрылымындағы геологияның маңыздылығын атап өтті.
 2024 жылға Қазақстан аумағының геологиялық барлау көлемі 2 млн шаршы км-ден асады, бұл жалпы алаңның шамамен 74%-ын құрайды. Мемлекеттік геологиялық барлау жұмыстары есебінен өткен жылдың қорытындысы бойынша 38 жаңа перспективалы кен орны анықталды. 2025 жылы Қарағанды облысында сирек жер металдарының қоры 800 мың тоннадан асатын Күйректікөл учаскесі ашылды, ал болжамды ресурстар, оның ішінде церий мен лантаноидтар 935 мың тоннадан асады деп бағалануда.
 Олжас Бектенов бүгін Мемлекет басшысы геологиялық қоғамдастықтың алдына көмірсутек әлеуетін тереңдетіп зерттеу бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті. Қазақстанда 15 шөгінді бассейн анықталған, олардың ішіндегі ең ірісі Каспий маңы болып саналады – оған елдің ресурстық базасының шамамен 80%-ы тиесілі. Аз зерттелген бассейндерді игеру ресурстық базаны ұлғайту және инвестициялар тарту үшін айтарлықтай перспективалар ашады.
 Сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауға баса назар аударылуда. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өндіріспен біріктіріп, студенттер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нысандарында тәжірибеден өтуде. Қабылданған қолдау шараларының нәтижесінде соңғы 2 жылда түлектер саны 2 еседен астам өсті.
 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар