«Әр молдадан 300 мың теңге». Бас мүфти қарапайым имамдардан ақша алғаны рас па
- авторjambylinfo.kz
- 30 қыркүйек, 2024
- 598
Әлеуметтік желіде Түркістан облысының бас имамы Бас мүфтидің облысқа сапарын қамтамасыз ету үшін жергілікті имамдардан қаржы жинағаны туралы айтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желі қолданушысы Oraz Alimbekov өзінің Facebook-тегі парақшасында түркістандық қарапайым имамдар «қоңыз теріп» қиналып кеткенін және Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың өңірге сапарына арнап молдалар қанша ақша жинағанын жеткізген.
“Түркістан облысының имамдары «өңірге Бас мүфти Наурызбай Өтпенов келген сайын облыстың жаңадан тағайындалған бас имамы Ержан Тілепов ақша жинап, әбден «қанымызды» ішіп бітті» деп хабарласты. Мысалы, Бас мүфтидің 2024 жылдың қаңтар айының соңында Түркістанға барған 2 күндік ресми сапарына арнап облыстағы 17 аудан және қала имамдарының әрбірінен 150 мың мен 300 мың теңге аралығында ақша жиналды. Олар ақша іздеп тентіреп кетеді... Осылай жиналған қаржыны аудан имамдары бас имам Е.Тілепов пен оның іс басқарушысы қызметін атқаратын Алимханның каспиголдына аударып тұрды (дәлелді чектердің көшірмесі төменде тұр). Кейбірі қолма-қол ақша әкеп берді. Мысалы, Созақ ауданының бас имамы Мейрамбек қажы облыстың бас имамына қолма-қол 150 мың теңге әкеп беріп, кейін «бұл аз» деген соң 130 мыңды каспиголдына аударған”,- дейді желі қолданушысы.
Оның айтуынша, бұл қаржының бәрі Түркістанға сапарлап келген Бас мүфтидің ұшақпен ары-бері ұшуына, қымбат қонақ үйде тұрып, қымбат мейрамханадан ауқаттануына жұмсалады екен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024