Елімізде
Өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері беріле бастайды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қазан, 2024
- 1.5k
Бұл туралы Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты
Келесі жылдан бастап өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төлене бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Мәжілісте осылай деді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа ерекше назар аударамыз. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықтың үлкен сеніміне ие. Құтқару операцияларын жүргізудің ашықтығы бір жағынан халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруды насихаттайды. Әлеуметтік қолдауды жақсарту аясында төтенше жағдайлар қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлеу мәселесі шешілуде. Төлемдер келесі жылдан бастап бірінші кезекте өрт сөндірушілерге және жекелеген санаттарға көзделген», - деді Шыңғыс Әрінов.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды
- авторБақытжан Бекболат
- 22 сәуір, 2026
Елімізде
Синоптиктер ескерту жасады: нөсер, бұршақ және тұман күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 22 сәуір, 2026





