жұма, 22 қараша, 2024 19:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құсқа төнген зауал тоқтады

Құсқа төнген зауал тоқтады
ашық дереккөзі
Құсқа төнген зауал тоқтады
Қыркүйектің ортасынан бастап елімізде құс тұмауынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Қазір бұл зауал толығымен тоқтап, өлген құс иелеріне 9 млн теңгеге жуық өтемақы төленді.
Құс тұмауына қатысты бұл келең­­сіз жағдайдың жай-жапсарын Орта­лық коммуникациялар қызметі алаң­ында Ауыл шаруашылығы министр­­лігінің Ветеринарлық бақы­лау және қадағалау комитеті төраға­сы­ның міндетін атқарушы Тұр­сын Қаб­долданов кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, 11 қазанда Сол­түс­тік Қа­зақ­стан облысында жеке аула­ларда 22 бас құс өлімі тіркелді. Еліміз­дің өзге өңірлерінде құс өлімі тіркел­меген. Қыркүйек айының ортасынан бас­тап еліміздің 7 облысының 78 елді мекенінде карантин енгізілген. Бұл ретте Ақтөбе және Түркістан облыс­тарында, Шымкентте, сондай-ақ Ақмола облысының үш ауданында, Жамбыл облысының екі ауданында, Қызылорда облысының бір ауда­нында және Солтүстік Қазақстан об­лысының екі ауданында құс тұмауы расталмады. Жалпы, өткен айдан бас­тап жеке қосалқы шаруашылықтарда жоғары патогенді құс тұмауын жұқ­ты­рудың салдарынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Сонымен қатар ин­фекция ошақтарынан 20 177 бас құс тәркіленді. Осылайша қазіргі уақыт­та барлығы жеке қосалқы шаруа­шы­лықтағы 45 110 бас құсқа, оның ішінде 27 393 бас тауық, 777 күрке­тауық, 10 141 қаз, 6 799 бас үйрек үшін өтемақы беріледі. Қазақстанда жоғарғы патогенді құс тұмауының одан әрі таралуына қарсы тиімді шаралардың бірі – зардап шеккен аймақтарда және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша құстарды жедел әрі жаппай вакциналау. 2020 жылғы жоспар бойынша ақпан айында құс тұмауына қарсы вакциналауға шамамен 3,4 млн доза бөлінді. Қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысында құстардың жаппай қырылуы басталған кезде індет табылған ошақтарды оқшаулау үшін қосымша 2,3 млн доза, содан кейін тағы 2 млн доза бөлінген болатын. Осылайша мәжбүрлі вакци­налау аясында еліміздің 3 261 елді меке­нінде 2,8 млн-нан аса құс басы құс тұмауына қарсы егілді. Бүгінде вакциналау Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында толығымен аяқталды. Сондай-ақ ведомство өкілі әлем­дегі құс тұмауы бойынша эпиде­миялық жағдай шиеленісе түскенін айтты. 2020 жылдың қыркүйегінде әлемнің 26 елінде жоғары патогенді құс тұмауы анықталды. Мысалы, көр­ші Ресей Федерациясында бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарда жә­не бір құс фабрикасында 1,5 млн-нан аса құстың қырылуы тіркелген. «Құс фабрикаларындағы құс өлімі толығымен тоқтады. «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-інде бір айда құс тұ­мауынан 184 621 құс қырылды. Бар­лық залал үшін өтемақы беріледі. «Агро­интерптица» ЖШС-інде 391 мың­нан аса бас өлді. Оның ішінде жел­детудің болмауы салдарынан ас­фиксиядан 256 040 құс қырыл­ды, оның өтемі болмайды. Құс тұмауы­нан 135 384 бас құс қырылды. Тағы 41 642 бас тәркіленіп, жойылды. Осылайша, екі құс фабрикасына 361 647 бас құс үшін өтемақы беріледі», деді Т.Қаб­дол­данов. Бұл ретте мамандар өтемақы алу үшін құсты қасақана жою туралы кү­дікті жоққа шығарды. Желдету вирус­тың одан әрі таралуына жол бермеу үшін өшірілген. Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінің ветеринарлық, фитосанитарлық және азық-түлік қауіпсіздігі департа­ментінің директоры Гүлжан Нұрта­зи­наның айтуынша, 64 құс фабрика­сының тек екеуінде құс тұмауы мен құс өлімі тіркелді. Олардың жұ­мырт­қа өндірісінің жалпы көлеміне қосқан үлесі шамамен 5%-ды құрайды. «Егер Ресей Федерациясында шығын 1,5 млн аса бас құсты құраса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,5 есе­ге аз. Біз құс саны туралы айтып отыр­мыз, жұмыртқа өнімдері есеп­ке алын­байды. Тұрақтандыру қор­лары­ның мәліметі бойынша 1 айлық құс шаруашылығы өнімінің қоры бар. Жергілікті атқарушы органдар та­рапынан баға белгілеудің шекті рұқ­сат етілген көлеміне бақылау жүр­гізілуде. Сондықтан бұл тұрғыдан алып қарағанда бізде Ресейдегіден шы­ғын аз», деді маман.
egemen.kz © egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар