сенбі, 23 қараша, 2024 1:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СҚО-да қызметтік көлікте жалаңаш әйелмен отырған полицей жұмысынан айырылды

СҚО-да қызметтік көлікте жалаңаш әйелмен отырған полицей жұмысынан айырылды
Фото: Istockphoto.com
Оның ұятты әрекетін жергілікті тұрғын бейнетаспаға түсіріп алған

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік көлікке әйел адамды отырғызып, онымен жақындасқан полиция қызметкері жұмысынан қуылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

«Блогер қызметтік көлікті өте жеке пайдасына қарай пайдаланған тағы бір жағдайды әшкереледі. Төтенше жағдай кезінде, мыңдаған отбасы баспанасынан айырылғанда, СҚО Полиция департаментінің қызметкері заң мен тәртіпті сақтаудың орнына көлігіне әйелді кіргізіп, жыныстық қатынасқа түскен», - деп жазды автор.

Бұл видеожазба әлеуметтік желіде тараған соң Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі комментарий берді.

«СҚО Полиция департаментінің аудандық полиция бөліміне 44жастағы ер адам келіп, қызметтік міндеттемелерін орындамаған полциия қызметкеріне қатысты арыз түсірді. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде қызметтік дисциплинаны бұзған, сондай-ақ, құқық қорғау органдарын дискредитациялайтын әрекетке барған қызметкер жұмысынан босатылды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар