дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым». Майқайыңдағы құтқарушының әйелі ызаға толы жазба жариялады

«Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым». Майқайыңдағы құтқарушының әйелі ызаға толы жазба жариялады
Коллаж: jambylinfo.kz
Павлодар облысы "Майқайың алтын" кенішінде шұңқырға құлаған екі адамның денесі алпыс күннен бері әлі табылған жоқ. Соның бірі – 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шәймерден оқиға орнына барып, ашу-ызаға толы бейне жариялаған, деп жазады jambylinfo.kz.

"Жаным Айдос, қанша жүрегім ауырса да мен сені құтқара алмай жатқан жерге келдім. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқардың, бірақ сені ешкімнің құтқара алмай жатқанына жүрегім ауырады. Бүгін алпысыншы күн. Бір үмітпен жүрмін. Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін. Саған иттік жасағандарды, аруағыңды қорлағысы келіп тұрғандарды бір Аллаға тапсырдым", – дейді Нұрсұлу Шәймерден.

Осы бейнеүндеуінің астына ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің және еліміздегі танымал журналистердің аккаунттарын белгілеген.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар