«Салтанат өте таза, жылы адам еді». Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 6 мамыр, 2024
- 563
Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша екінші күдікті Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Құрметті сот! Құрметті алқабилер! Мен сол күні Салтанат өлім аузында жатқанын білген жоқпын. Ант етейін. Егер білсем оған көмектесер едім. Әрине, оның отбасының қайғысын жеңілдете алмаймыз. Бірақ, сол қайғыны жеңілдететін бір жол болса, мен жазамды тартуға дайынмын. Салтанат өте таза, жарқын, жылы адам еді. Салтанаттың отбасына, жақындарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын. Салтанаттың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат болсын», - деді Байжанов өз сөзінде.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев өз сөзінде алқабилерден әділ үкім сұраған еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бишімбаевтың соты 10-мамырда жалғасады
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024