дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шаруаларды шығынға батырған 18 ұры ұсталды

Шаруаларды шығынға батырған 18 ұры ұсталды
Фото - ашық дереккөз
Барымта нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құраған

Абай облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жыл басынан бері, яғни 10 айда 18 адам ұсталды. 2024 жылдың он айында Абай облысында 94 мал ұрлығы оқиғасы тіркелген. Оның 85%-ы еркін жайылымда орын алған, бұл ұрлық қаупін айтарлықтай арттырады. Ұрлық нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құрап, оның 120,8 млн теңгесі өтелді.

— Тергеу барысында мал ұрлығына қатысы бар 18 адам ұсталды, олардың 11-і 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Облыс полициясы мал ұрлығына қарсы күресті белсенді түрде жалғастыруда, бұл жұмыс қатаң бақылауда, — делінген облыстық ПД таратқан ақпаратта.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар