Елімізде

Шетелден келген 462 көлікті заңсыз тіркеген 32 адам сотталды – Антикор

Олар мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген

Мемлекетке аса ірі көлемде залал клетірген арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ішіндегі ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзге сүйенсек, 2022 жылдың қаңтарынан бастап мамырына дейін қылмыстық топ шетелден елге кірген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келген шығын 1,2 млрд теңгені құраған. 


Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Жамбыл облысында жалған куәлік сатқан ХҚКО басшылары қамауға алынды.