Жамбыл облысында жалған куәлік сатқан ХҚКО басшылары қамауға алынды
- авторjambylinfo.kz
- 12 ақпан, 2024
- 957
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жалған жүргізуші куәлігін жасап, оны сатқан бір топ адамды ұстады. Олар – Түркістан облысы, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары, деп хабарлайды хабарлайды Jambylinfo.
Олар ұзақ уақыт бойы адамдардан ақша алып, олардан емтихансыз және тиісті көлік басқару тәжірибесі бар ма, жоқ па екенін тексерместен, жүргізуші куәліктерін заңсыз беріп келген. Ал, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері осы қылмыстық схемаға кіріп, өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін «клиенттерді» іздеген. Құжаттар Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген.
«Биыл 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды. Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүріп жатыр. 35 адамға жүргізуші куәлігі заңсыз берілгені анықталды, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды»- деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024