Шетелдік маркетплейстерді қазақстандық тауарларды сатуға міндеттеу мүмкін емес – Жұманғарин
- авторjambylinfo.kz
- 31 наурыз, 2025
- 761
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанда Apple, Amazon, Alibaba, Aliexpress, Adobe, Ebay, Google, iHerb, Huawei, Meta (Facebook, Instagram), Netflix, Nintendo, Pinduoduo, TaoBao, TikTok, Temu, Samsung, Sony және Zoom сияқты 105 шетелдік компания тіркелген. Бұл маркетплейстер өз өнімдері мен қызметтерін Қазақстаннан тыс жерде ұсынады. Ал еліміздің заңнамасы тек оның аумағында әрекет етеді.
"Сондықтан шетелдік маркетплейстердің қазақстандық платформалар мен өндірушілермен ынтымақтастық орнатуын міндеттеу мүмкін емес", – деді Жұманғарин.
Сонымен қатар, ол жаңа Салық кодексі жобасында шетелдік маркетплейстердің салық төлеу тәртібін реттейтін ережелер қарастырылғанын атап өтті.
"Егер маркетплейс ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмесе немесе камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, оның сайты бұғатталуы мүмкін", – деді министр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






