Шығыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған әкелер букмекерлік кеңседе 100 млн теңгеден аса қаржы ұтылған
- авторМағжан Орынбасар
- 20 маусым, 2024
- 406
ШҚО-да 75 лудоман-борышкерлер құмар ойыннан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 кәнігі алимент төлемеушілер соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам соманы қайтарымсыз аударған. Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А. онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.
- Талдау нәтижелері бойынша олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды. Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды. Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады. Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024